ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ. » КГУ «общеобразовательная школа №57» Управления образования г. Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№57 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 2343699
Есепші бөлімі:
+7(727) 3966741
Нашар көрушілер
нұсқасы
05
қаңтар
2024

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ.

05.01.2024 ж «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша педагогикалық ұжымның жұмыс жүйесі» атты педагогикалық кеңес өтті.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Усенова Жанар Сағидуллақызы «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша мектеп педагогикалық ұжымының қызметін ұйымдастыру» тақырыбында баяндама жасады. Жанар Сағидоллақызы қоғамға жат мінез-құлықтардың алдын алу әдістері мен құралдарын еске түсірді. 7-11 сынып оқушылары арасында «Жастар және қылмыс мәселесі жасөспірімдер көзімен» атты анонимді сауалнаманың нәтижелерін ұсынды.
Сынып жетекшілеріне девиантты мінез-құлықты түзетуге көмектесетін әдістемелік қоржынды әлеуметтік педагог Айжан Нұрмұхамбетқызы Байшықова жинап, әріптестерімен бөлісті. 8-сыныптың сынып жетекшісі Андрей Анатольевич Родионов кәмелетке толмаған құқық бұзушылардың ерекшеліктеріне тоқталды, сонымен қатар мектеп ұжымына «қиын» оқушылармен тәрбие жұмысын ұйымдастырудағы тәжірибесімен таныстырды. Содан кейін мектеп ұжымы кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша мектеп алгоритмін білуге тәжірибелік сынақ жүргізді.
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Миляченко Лариса Евгеньевна ІІ тоқсанның қорытындысы бойынша оқу қызметіне талдау жүргізді.
Сондай-ақ бастауыш сынып мұғалімі Кристина Юрьевна Салимбекова «Инклюзив – барлығына оқыту. Біз әртүрліміз, бірақ біз теңбіз».
Қорытындылай келе, педагогикалық психолог Майра Лиясқызы Станбекова қызықты тренингпен педагогикалық кеңесті қорытындылады.
Тату ұжымымызға шығармашылық және жемісті еңбек тілейміз!