ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕС » КГУ «общеобразовательная школа №57» Управления образования г. Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№57 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 2343699
Есепші бөлімі:
+7(727) 3966741
Нашар көрушілер
нұсқасы
03
қараша
2023

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕС



2023 жылдың 3 қарашасында Жетісу ауданы 57 ЖББ мектебінде жоспарлы педагогикалық кеңес өткізілді.
Күн тәртібінде қарастырылған мәселелер:
1. І тоқсан бойынша оқу сапасы мен оқу үлгерімінің қорытындысы.
2. 4 және 9 сынып оқушылары арасында өткізілген білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізудің сынама тестілеу қорытындысы.
3. 1 сынып оқушыларының мектеп өміріне бейімделу үдерісін бақылау нәтижесі.
Кеңестің негізгі бөлімінде І тоқсан бойынша жасалған жұмыстарға талдау жасалынып, алға қойған мақсаттар мен міндеттердің ең бастысы -білім сапасын көтеру екендігі, жұмыс қарқынын одан әрі ұлғайту қажеттілігі басты назарда екендігі қарастырылды.
Сонымен қатар 1 тоқсан қорытындысы бойынша білім сапасының пайыздық көрсеткіші,сөз соңында төмен пайыз көрсеткен сыныптарды мектепішілік бақылауға алынатындығы жоспарланды.
Педагогикалық кеңестің 2 -бөлімінде мұғалімдер оқыту сапасын жақсарту мақсатында өз тәжірибелерімен бөлісті.
Химия сабақтарында жаратылыстану сауаттылығын қалыптастыру бағытында жүргізген әдіс-тәсілдерімен химия пәнінің мұғалімі Хакимова М.М. шеберлік сабағын көрсетті.
Оқушыларды тілді тез үйренуге қызығушылықтарын арттыру тетіктерімен ағылшын тілі мұғалімі Мухпулова Р.Э. және қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Шарапатдинова Н.Е. оқыту тәжірибелерінен жұмыс түрлерімен бөлісті.
Сабақта және сабақтан тыс жұмыстарда цифрлық білім беру ресурстарды кеңінен қолдануды физика пәні мұғалімі Жұмахан Ж.М., биология пәні мұғалімі Өтекеев М.Қ. насихаттап, әр түрлі электрондық компоненттерімен пайдалану тиімділігін көрсетті.
Педагогикалық кеңес "Мұғалімнің психологиялық әл-ауқаты. "Өзіңе және басқаларға қамқор бол!» тренингімен аяқталды.