09
маусым
2026
ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР!!

ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР!!
Алматы қаласының мемлекеттік мектептерінде 2026–2027 оқу жылына 1-сыныпқа қабылдау үшін құжаттарды қабылдау 2026 жылғы 10 маусым мен 31 тамыз аралығында жүргізіледі.
Өтінішті OQU ұлттық білім беру платформасы арқылы немесе eGov электрондық үкімет порталы арқылы, сондай-ақ білім беру ұйымына тікелей барып, қағаз форматында беруге болады.
2026–2027 оқу жылында 1-сыныпқа қабылдауды Алматы қаласының 214 мемлекеттік мектебі жүзеге асырады. №10, №15 және №17 мектеп-интернаттарына қабылдау жолдама негізінде қағаз форматында жүргізіледі.
Қабылдау «3:1» қағидаты бойынша жүзеге асырылады: мектептің қызмет көрсету аумағында тұратын балаларға арналған әрбір 3 орынға шағын ауданнан тыс жерден келетін балалар үшін 1 орын қарастырылады.
Мектептің қызмет көрсету аумағында (шағын ауданда) тұратын балалардың қабылдануға басым құқығы бар. Сонымен қатар, бос орындар болған жағдайда ата-аналар (заңды өкілдер) кез келген мемлекеттік білім беру ұйымына өтініш бере алады.
Өтініш беру үшін заңды өкілдің тұрғылықты жері бойынша тұрақты немесе уақытша тіркеуі болуы қажет. Тұрғылықты мекенжай мемлекеттік ақпараттық жүйелер арқылы расталады.
1-сыныпқа қабылдау үшін келесі құжаттар қажет:• баланың 3×4 көлеміндегі фотосуреті;• профилактикалық егу картасы (№065/е нысаны);• баланың денсаулық паспорты (№052-2/е нысаны);• психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның (ПМПК) қорытындысы (ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін).
Мектепалды даярлықтан (0-сыныптан) өткен білім алушылар ата-аналарының (заңды өкілдерінің) өтініші негізінде 1-сыныпқа қабылданады.