АТА-АНАЛАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ. ЦЕНТР ПЕДАГОГИЧЕСКОЙ
Позитивті білім беру мәдениетін дамыту арқылы балалардың әл-ауқатын қамтамасыз ету мақсатында 2023-2024 оқу жылынан бастап білім беру ұйымдарында ата-аналарға педагогикалық қолдау көрсету орталықтары жұмыс істей бастады. Алматы қаласы Жетісу ауданы №57 мектеп жанындағы «Педагогикалық қолдау орталығының» жұмысы мектептің ата-аналар қауымдастығының өкілдерін шақырумен ашылу салтанатынан басталып, кейін «Дөңгелек үстел» отырысымен жалғасты. Онда Орталықтың міндеттері мен жұмыс жоспары