Техникалық тапсырма

Автор: admin от 3-06-2014, 02:31, посмотрело: 1837

63 Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды
ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушіні таңдау
бойынша конкурстық құжаттамаға
техникалық тапсырма


Алматы қаласы Білім басқармасы бекіткен дастархан мәзіріне сәйкес күнделікті дастархан мәзірінде рацион, салмағы тамақтың құны сақталуы керек (4 аптаға арналған мәзір, №9 – қосымша).
Қызмет көрсетуде әлеуетті жеткізуші төмендегідей талаптарды орындауы керек және байқауға қатысу үшін құжаттар расталуы керек (құжаттарға байқау тапсырысының өтініштері жатады).
- Тағамды дайындау және бұйымдарды таратуда барлық санитарлық ережелер сақталуға жағдай жасалсын, тұтынушылардың денсаулығы үшін сапасы және қауіпсіздігіне кепілдеме берілсін;
- Кәсіптік, гигиеналық және аттестациядан өткен, денсаулығы бойынша кепілдемесі бар тұлға жұмысқа қабылданады;
- Әр қызметкердің медициналық кітапшасы болуы керек;
- Барлық қызметкерлер жұмысқа кірерде және мерзімді (медицналық тексеруден уақытында өтулері керек медициналық мекемелерімен шарт жасау);
- Қажетті құжаттар күнделікті жүргізілсін (бракераж журналы, басқа да құжаттар);
- ҚР заңдар бойынша санитарлық ережелер, гигиеналық нормативтерге сәйкес жұмысшының еңбек шарты жасалады;
- Қызметкерлер 3 дана арнайы киіммен қамтамасыз етілуі және жұмыс киімдері орталықтан жуылуы және жөнделуі ұйымдастырылсын;
- Технология, тоңазытқыш, вентиляция және басқа да құрал-жабдықтарды жөндеу жұмыс басталмас бұрын жүргізілсін;
- Өндірістік түгендеу саны, ыдыстар, жуу және дезинфекция жасацтын заттар (ҚР қолдануға рұқсат етілген) және басқа материалдық-техникалық жабдықтаудың жеткілікті болуы;
- Дезйинфекция, дезинсекция және дератизация бойынша өткізілген іс-шаралар,жүргізілген жұмыстар бойынша актілер;
- Бірінші медициналық көмек қөрсету үшін дәрілердің болуы және оларды толықтырып отыру;
- Қызметкерлермен санитарлық-үгіт жұмыстарын семинар, әңгіме, лекция түрінде ұйымдастыру;
- Өрт сөндіру құралдарының болуы;
- Ыстық тамақ бойынша қызмет көрсетуге бірінші рет қатысушылар кепілдеме хат ұсынады;
- Азық-түліктер гигиеналық талаптарға сәйкес болуы керек, ұсынылған шикізаттар және азық-түліктердің сапасы, қауіпсіздігі, жасалған уақыты, мерзімі және сақталуы керек;
- Қызмет көрсетуде қолданылатын негізгі азық- түліктер сапасы жайлы сертификат болуы керек;
- Дайын тағамдар сынамадан кейінғана жүзеге асырылады;
- Тағамның сапасына бракераж комиссиясы баға береді, ол үш адамнан кем болмауы керек, медицналық қызметкер, тағам блогының қызметкері және білім беру мекемесінің әкімшілігінің өкілі (сынама жасалады);
Бракераж нәтижесі «Дайын кулинарлық азық-түліктер бракераж журналында» ұсынылған формаға сәйкес тіркеледі (2 форма 10 қосымша санитарлық ережесі). Дайындалған барлық тағамдар көрсетілген мәзірге және гигиеналық нормаларға тағамның шығуымен сәйкес келуі керек. Тағам дайындау технологиясы бұзылғанда, дайын болмағанда, тағамның кулинарлық кемшіліктері жөнделмейінше берілмейді;
- Медициналық қызметкерлер күнделікті жұмыс басталарда білім беру ұйымдарының қоғамдық тамақтандыру қызметкерлеріне ашық тері аурулары, ангина, тыным алу жолдарының катаралдық құбылыстарына тексеру жүргізеді;.
- Тез бұзылатын азық-түліктердің сақталу мерзіміне бақылау жасау мақсатында, тоңазытқыштағы температуралық режимге бақылау жасайды. «Температуралық режим сақталмаған жағдайда», ақпарат «Тоңазытқыш құралдардың температурыалық режим есебі журналына» ұсынылған формаға сәйкес жазылады (форма 5, 10 қосымша санитарлық ереже);
- Технологиялық үрдістің сақталуын байқау мақсатында дайындалған тағамға тәуліктік санама жасалады. Тәуліктік сынаманы тағам блогының қызметкері сынама жасау кепілдемесіне сәйкес жасайды. (11 қосымша санитарлық ереже). Тәуліктік сынаманың сақталу шарттарына бақылауды медицналық қызметкер жасайды;
- Құрал-жабдықтар, түгендеу, ыдыстар тарату, өндірістік айналаның заттары, санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес болуы керек, оны қоғамдық тамақтандыру ұйымы ұсынады, олар бекітілген тәртіпке сәйкес материалдардан жасалады;
- Өндірістік ғимараттағы технологиялық және тоңазытқыш құралдары күнделікті тексеріледі;
- Технологиялық құрал-жабдықтар істен шыққан жағдайда мәзірге өзгерістер енгізіп және өндірістегі дайын тағамдардың санитарлық ереже талаптары сақталуы керек;
- Асхананы ыдыстар және құралдармен толықтай жабдықтау, жуу және дезинфекция- санитарлық ереже талаптарына сәйкес болуы мақсатында, сондай-ақ оны сақтайтын шкафтар туралы міндетті хат;
- Тамақтандыруды ұйымдастыруда қауіпсіздік талаптарына сәйкес фарфор қолданылады (тәрелкелер, табақтар, кеселер, бокалдар қолданылады. Асхана құралдары қасық, шанышқы, пышақтар) дайын тағамдарды сақтайтын ыдыстар гигиеналық қасиеті бар материалдан жасалуы керек;
- Асханада шеті сынған, эмалі кеткен, шытынаған ыдыстар пайдалануға болмайды, асханалық алюминий құралдар, пластмассак тақтайлар, фанерлер, сынған ағаш түгендеулер қолдануға болмайды;
- Оқушылардың тамақтану кестесі;
- Кассалық аппараттың болуы (әр лотқа бөлек);
- Азық-түліктер мен шикізаттар;
Мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялықбақылау органы берген арнайы машинада жеткізілуі керек. Жүргізуші және экспедитордың жеке медициналық кітапшасы болуы керек;
- Оқушыларға тыйым салынған тағамдарды сондай-ақ газдалған, энергетикалық сусындарда, чипсы, сухариктер, сондай-ақ сағыз әкелмеу міндеті;
- Мемсанэпид бақылау органынан санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды және объектіге санитарлық құжаттың болуы қажет;
- Ыстық тамақпен қамтамасыз ету байқауына бірінші рет қатысып отырғандардың кепілдеме хаты болуы керек;
- Мемлекеттің тағамдар қойылатын ғимаратына жыл сайын жөндеу жұмысын жүргізу міндеті.
Perspektivnoe-menyu.doc [189 Kb] (cкачиваний: 6)

Категория: Открытый конкурс

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Назад Вперед