Декада любителей чтения книг » КГУ «общеобразовательная школа №57» Управления образования г. Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№57 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 2343699
Есепші бөлімі:
+7(727) 3966741
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
желтоқсан
2020

Декада любителей чтения книг

Кемел келешектің кілті - жастардың қолында. Жан-жақты дамыған ұрпақ тәрбиелеуде бала кезінен олардың қиялын дамытып, ойын жетілдіруді алға қоюға тиістіміз. Осы орайда халықтық ертегілердің тигізер әсері мол. Ертегі тыңдап өскен баланың ертеңі жарық дер едім. Ертегі - бала қиялын дамытумен ғана шектелмейді, бала санасын “рамканың” ішінде қалып қоймай асқақ армандарға ұмтыла білуге, мақсатына қиналмай қол жеткізуге күш беретін ауыз әдебиетінің керемет бір түрі.
Осы орайда мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Жупарбекова А.Р. мен Шералы Ш.Б. “ Кім жылдам” атты қазақ халық ертегілері бойынша онлайн интеллектуалды марафон өткізді. Іс-шараға 2-4 сынып оқушылары белсене қатысты. Қазақ халық ертегілері балалардың қызығушылығын оятып, қазақ тіліне деген махаббаттарын ашты. Алдағы уақытта да балаларымызға берері мол осындай іс-шаралар көп болсын!!!