Алматы қаласы Білім басқармасының
«№57 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 2343699
Email
gulbanutauekelova80@gmaıl.com
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
03
шілде
2025

Жайлы мектеп Комфортная школа

Алматы қаласы Алмалы ауданында 1500 орындық мектептің құрылысы аяқталды

Алмалы ауданында қаланың ең заманауи білім ордаларының бірі – 1500 оқушыға арналған жаңа мектеп (мекенжайы: Райымбек даңғылы, 210/2) құрылысы аяқталды.

Бұл жоба "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында жүзеге асырылып отыр. Аталған білім ордасы аудандағы шамамен 1400 орын жетіспеушілігін жабуға сеп болады.  

Құрылыс жұмыстарының барысын Алматы қаласы өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған баспасөз туры аясында Алмалы ауданының әкімі Арман Шамшин көрсетті.

Мектептің құрылысы 2023 жылдың жазында басталған болатын. Қазіргі таңда ішкі әрлеу жұмыстары да толық аяқталып, негізгі құрылыс кезеңдері толығымен біткен. Қазір нысан бойынша құжаттарды рәсімдеудің соңғы сатысы жүргізілуде.

🗓 2025 жылғы 1 қыркүйекте жаңа мектеп алғашқы оқушыларын қабылдайды.  
Ал тамыз айында болашақ оқушылардан өтініш қабылдау басталады деп жоспарлануда.
«Аталған нысан бір жыл үш айдың ішінде салынды. Ғимарат үш қабатты. Барлық инженерлік желілер жүргізілген, нысан 100% дайын. Қажетті жабдықтар толықтай орнатылған – парталар, компьютерлер, ақпараттық тақталар қойылды. Объект тапсыруға толық дайын», – дейді "BCN Group" құрылыс компаниясының басқарушы директоры Ербол Тураисов.

Үш қабатты ғимараттың жалпы ауданы шамамен 16 000 м², бұл стандартты мектептердің типтік параметрлерінен 15–20% үлкен. Құрылыс алаңы – 2,53 гектар.

Ғимараттың кеңістікке орналасуы білім беру деңгейлеріне қарай нақты бөлінген:  
- оң жақ қанат – бастауыш сыныптарға арналған, бөлек кіреберісі, екі шағын спорт залы және оқшауланған сыныптары бар;  
- сол жақ қанат – орта және жоғары сыныптарға арналған;  
- орталық бөлігінде – 326 орындық асхана мен акт залы орналасқан.

В Алмалинском районе Алматы завершено строительство школы на 1500 мест с 4 спортзалами

В Алмалинском районе Алматы завершено строительство одной из самых современных общеобразовательных школ города – нового учебного центра на 1500 мест по адресу: проспект Райымбека, 210/2 
Объект реализуется в рамках Национального проекта "Комфортная школа". Школа станет важным ответом на острую нехватку ученических мест в районе, где дефицит оценивается примерно в 1400 мест. Ход работ в новом учебном заведении показал в ходе пресс-тура, организованного Региональной службой коммуникаций г. Алматы, аким Алмалинского района Арман Шамшин.

Строительство началось летом 2023 года и на сегодняшний день завершены все основные строительные этапы, включая внутренние отделочные работы. Сейчас ведется финальное оформление разрешительной документации, а уже в августе планируется открыть прием заявлений от будущих учеников. Первое занятие в новой школе запланировано на 1 сентября 2025 года.

"Данный объект построен за год и три месяца. Здание трехэтажное. Все инженерные сети подведены, объект готов на 100%. Оборудование все необходимое тоже есть. Установлены парты, компьютеры, информационные доски. Объект готов к сдаче", – говорит управляющий директор строительной компании ТОО "BCN Group" Ербол Тураисов.

Общая площадь трехэтажного здания составляет около 16 000 м², что на 15-20% больше стандартных параметров типовых школ. Участок застройки – 2,53 гектара. Пространственная организация здания предусматривает четкое разделение по уровням образования: правое крыло отведено под начальную школу с отдельным входом, двумя малыми спортзалами и изолированными классами, левое крыло – для средней и старшей школы, а в центральной части разместятся столовая и актовый зал на 326 мест.