ТӘРТІП – ТАЗАЛЫҚТАН БАСТАЛАДЫ » КГУ «общеобразовательная школа №57» Управления образования г. Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№57 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 2343699
Email
gulbanutauekelova80@gmaıl.com
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
15
сәуір
2024

ТӘРТІП – ТАЗАЛЫҚТАН БАСТАЛАДЫ

Көктем келіп, күн жылынғанда, әсіресе, балалардың қуанатыны рас. Таза ауада доп қуалап, күні кешке дейін ойынға тоймайсың. Бірақ ең алдымен үй ауласын, мектеп айналасы мен білім алатын оқу орнын таза ұстап, тәртіпке келтіру- тазалық негізі болып табылады.
Осы орайда, Жетісу ауданы 57 жалпы білім беретін мектебінің оқушылары мен ұстаздары / Алматы—біздің ортақ үйіміз/ акциясы аясында /БЕЙСЕНБІЛІК ТАЗАЛЫҚ/ жұмысын жүргізді.
Бұл күні мектеп оқушылары өздерінің оқу кабинеттерін шаңнан жуып-тазалап,, одан кейін ұстаздарымен бірлесіп,, мектеп ауласын тазалауға шықты.
Адам – табиғаттың төл перзенті. «Табиғатсыз адамзаттың күні жоқ, оны айтатын табиғаттың тілі жоқ» деп бекер айтылмаса керек. Жүректерінде табиғатқа деген қамқорлық, мейірімділік сезімдерін ояту әрбір адамның азаматтық борышы болуы тиіс.
Өз денсаулығымыз мықты болсын десек, қоршаған орта тазалығына баса назар аударайық. Туған қаламызды аялап, қадірлеу туралы әрбір азамат ойланса екен...