ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ДЕМЕУШІЛІК КӨМЕК ИТОГИ ГОДА СПОНСОРСКАЯ ПОМОЩЬ » КГУ «общеобразовательная школа №57» Управления образования г. Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№57 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 2343699
Есепші бөлімі:
+7(727) 3966741
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ДЕМЕУШІЛІК КӨМЕК ИТОГИ ГОДА СПОНСОРСКАЯ ПОМОЩЬ
25
желтоқсан
2023

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ДЕМЕУШІЛІК КӨМЕК ИТОГИ ГОДА СПОНСОРСКАЯ ПОМОЩЬ

       2023 жылы мектеп дамудың жаңа кезеңіне өтті: кәсіби байқауларға қатысқан және жүлделі орындарға ие болған педагогтар санымен  қатар ғылыми жобалар конкурстарының, пәндік олимпиадалардың, шығармашылық байқаулардың  жеңімпаз оқушылары мен жүлдегерлерінің  саны артты. 

 Мектептің материалдық базасын жақсарту бойынша үлкен жұмыс жүргізілді. 2023-2024 оқу жылының басталуына дейін демеушілік қаражат тарту есебінен мектепте баскетбол қалқандары, шағын футболға арналған қақпалар, волейбол торы, ыңғайлы жабыны бар спорт алаңы ашылды.

      Өскелең ұрпақтың бос уақытын тиімді пайдалану әрі салауатты өмір салтын ұстану   мақсатында Жетісу ауданы 57 жалпы білім беретін мектебінде ашық спорт аланының салтанатты ашылу рәсімі болып өтті. 

      Аталған игі іске демеушілік танытқан  Алматы қалалық  мәслихат депутаты, Tas GROUP компаниялар тобының басшысы, Асылтас қоғамдық қорының құрылтайшысы Тастакей Дулат Тұрсынұлы.    

     Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын демекші, Дулат Тұрсынұлының  мектеп оқушыларына  өз қаражатынан жасаған демеушілік  тартуы — өскелең ұрпақтың салауатты өмір салтын қалыптастыруға және  спорттық дағдылары мен қабілеттерін дамытуға,,сонымен қатар осы ашық алаңда  әртүрлі спорттық дайындық іс-шараларын жүргізе отырып,,шынығуға, сайысқа дайындалуға мүмкіндік берері сөзсіз. 

      Жаңа оқу жылының алдында   мектеп оқушыларына осындай үлкен  қуаныш сыйлаған  елағасы Дулат Тұрсынұлына  мектептің педагогикалық ұжымы,  ата-аналар мен оқушылар қауымы атынан ризашылық пен алғыс айтылды.

 В 2023 году школа вышла на новый этап развития: увеличилось число педагогов, принявших участие в профессиональных конкурсах и занявших призовые места; возросло количество учащихся -  победителей и призеров конкурсов научных проектов, предметных олимпиад, творческих конкурсов.

      Большая работа проведена по улучшению материальной базы школы. Перед началом 2023-2024 учебного года за счет привлечения спонсорских средств в школе открыта спортивная площадка, включающая баскетбольные щиты, ворота для мини-футбола, волейбольную сетку, удобное покрытие. 

В целях эффективного использования свободного времени подрастающего поколения и здорового образа жизни в 57 общеобразовательных школах Жетысуского района состоялась торжественная церемония открытия спортивной  площадки.

       Спонсором данного благого дела выступил депутат Алматинского городского маслихата, руководитель группы компаний Tas GROUP, учредитель общественного фонда Асылтас Тастакей Дулат Турсынович.

         Доброта человека подкрепляется его делами! Спонсорское пожертвование Дулата Турсыновича школьникам из собственных средств - это возможность для подрастающего поколения сформировать здоровый образ жизни и развивать спортивные навыки и способности, а также подготовиться к соревнованиям, проводя различные спортивные мероприятия на этой открытой площадке.

       За радость, которую подарил школьникам  Дулат Турсынович перед новым учебным годом, педагогический коллектив школы, родителей и учащихся выразили ему свою признательность.