Алматы қаласы Білім басқармасының
«№57 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 2343699
Email
gulbanutauekelova80@gmaıl.com
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
05
қыркүйек
2023

ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ ТІЛДЕРІ КҮНІ

ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ ТІЛДЕРІ КҮНІ
Ұлт ұстазы, қазақ тілі ғылымының негізін қалаушы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай 5-қыркүйек “ Қазақстан халқы тілдері күні” мерекесін атап өту биылдан бастап дәстүрге айналмақшы. Осы орайда #57 ЖББМ қазақ тілі мен әдебиеті әдістемелік бірлестігі, орыс тілі мен әдебиеті әдістемелік бірлестігі, ағылшын тілі әдістемелік бірлестіктері бірлесе отырып, мерекелік апталықтың ашылу салтанатын өткізді. Үш тілдің қадірі мен қасиетін ұғындыруға ат салысып жүрген ұстаздарымыздың шәкірттері де тілге деген махаббаттарын сахна төрінде өз өнерлері арқылы танытты. Тілге деген құрмет артқан сайын мемлекеттің дәрежесі де көтерілері анық!