Последний звонок » КГУ «общеобразовательная школа №57» Управления образования г. Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№57 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 2343699
Есепші бөлімі:
+7(727) 3966741
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
маусым
2023

Последний звонок

Бүгін, 2023 жылдың 1 маусымында, мектебіміздің түлектері үшін соңғы қоңырау соғылды.
Бұл күн түлектер, олардың ата-аналары мен ұстаздары үшін ең жарқын, қызықты және сонымен бірге қуанышты мереке. Атмосфера жарқын түстер мен адамдардың жүздерінде күлкіге толы болды. Мектеп директоры Тауекелова Гүлбану Қонысбаевна түлектерге, ұлағатты ұстаздарға жылы лебіздерін білдіріп, құттықтады.
Әрине, мектеп бітірушілер ұстаздарға шыдамдылығы, өмірге, сезімге, сүйіспеншілікке, достасуға үйреткені үшін, оларды сабырмен жетелегені үшін алғысын білдіретін әндер мен өлең жолдарын арнады.
11 «А» сынып түлектері әсерлі соңғы мектеп вальсін орындады.
Одан кейін балалар алаңсыз мектеп уақытының артта қалғанын, алда қызыққа тола жолдар күтіп тұрғанының белгісі ретінде «Ақ жолмен» жүріп өтті.
Түлектерімізге емтихандар мен ҰБТ-да сәттілік тілейміз!