ЧИТАЮЩАЯ ШКОЛА » КГУ «общеобразовательная школа №57» Управления образования г. Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№57 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 2343699
Есепші бөлімі:
+7(727) 3966741
Нашар көрушілер
нұсқасы
26
мамыр
2021

ЧИТАЮЩАЯ ШКОЛА

«Оқуға құштар- мектеп, оқуға құштар -ел» жобасы аясында біздің мектебімізде де түрлі қызықты онлайн іс -шаралар өткізілді. 5 «В» сынып оқушылары Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым - Қожа» повесін таңдап оқыды. Бұл шығармада қарапайым ауыл баласы өмірінің сан қилы қызықтарына оқушылармен бірге шомып, қызыға оқып талқылады. Б.Соқпақбаев оқушысын шынайылыққа , өзін- өзі басқара білуге, жеке тұлға болып қалыптасуға, жамандық атаулыға қаны қас болып өсуге тәрбиелейді.Қожа арқылы әрбір бала өзін жақсы жаққа еліктіре отырып жақсы істі бойына қабылдап, жаман істі оның жаман екекнін әрбір ісі арқылы көз жеткізіп аулақ болуға баулиды. Повестің басынан –ақ тәрбиенің алғы шартын ашып көрсеткен. Әкеге, анаға, әжеге, досқа деген құрметі мен махаббаты анық байқалады. Автор шығармасының құрылысы балалық шақтың сан түрлі сәттерімен юмор арқылы орайластырылған. Балаларға шығарма өте ұнады. Жазғы демалыста балалар түрлі шығармалар оқуға ниет білдірдіріп отыр.