10
апрель
2024
ҰЖЫМДЫҚ ЕҢБЕККЕ БАУЛУ.
Жапония елінде ұйымдастырылған халықаралық тағлымдама нәтижесі бойынша Алматы қаласының білім беру жүйесінің, оның ішінде Жетісу ауданы №57 жалпы білім беретін мектептің тәжірибесіне енгізуге боларлық көптеген көңілге түйген педагогикалық идеялар педагогикалық ұжымға таныстырылып, жапон елінің іс-тәжірибесін ұлттық құндылықтарымызға сай негіздей отырып, тәжірибеге тиімді енгізуді жоспарлау әрі ұйымдастыру –басты мақсатымыз болды. Ең бірінші, мектеп тәжірибесіне енгізген өзгерісіміз – мектеп оқушыларын ұжымдық еңбекке баулу тәрбиесінен бастау алды.
Осы мақсатта мектеп оқушыларын ұжымдық еңбекке баулу мақсатында «Менің мектебімнің гүлзары», «Гүлзардағы раушан гүлдер » атты тәрбиелік мәні бар іс-шаралар ұйымдастырылды. Мектеп оқушылары өздерінің сынып жетекшілерімен бірлесіп, қолдарына күректерін алып, арнайы гүл отырғызатын шұңқыр әзірлеп, әртүрлі раушан гүлдерін отырғызды. Гүлдердің түбін қопсытып, су құйды. Бір айта кетерлігі, оқушылар өздері отырғызған гүлдерді сыныппен бірге бірлесіп күтіп-баптайтын болады.