1 сентября » КГУ «общеобразовательная школа №57» Управления образования г. Алматы
Коммунальное государственное учреждение
«Общеобразовательная школа №57»
Управления образования города Алматы
Қабылдау :
+7(727) 2343699
Бухгалтерия
+7(727) 3966741
Версия для
слабовидящих
01
сентябрь
2023

1 сентября



2023 жылдың 1 қыркүйегінде Алматы қаласы Жетісу ауданы №57 мектепте жаңа 2023-2024 оқу жылының басталуына арналған салтанатты іс-шара өтті. Жазғы демалыстан шыққан балалардың барлығы мектеп ауласына жиналды. Олар сыныптастарымен, сынып жетекшілерімен және сүйікті ұстаздарымен кездесуіне қуанып жатты. Әдемі киінген оқушылар, ұстаздар мен ата-аналар мектеп алаңын толтырды. Өлеңді мәнерлеп оқыған бірінші сынып оқушыларының құттықтау сөздерінен кейін эстафетаны түлектер алды. Аниматорлар, мультфильм кейіпкерлері 1-сынып оқушыларымен бірге би билеп, музыкалық номерлерді орындаған жұлдыздарымызға қолдау көрсетті.
Ал алғашқы қоңырауды беру құрметі мектептің бірінші сынып оқушылары мен түлектеріне берілді.
Жаңа оқу жылымыз баршамызға жемісті де жеңісті, білімге, жақсы жаңалықтарға, шығармашылыққа және үлкен жетістіктерге тола болсын!