Последний звонок » КГУ «общеобразовательная школа №57» Управления образования г. Алматы
Коммунальное государственное учреждение
«Общеобразовательная школа №57»
Управления образования города Алматы
Қабылдау :
+7(727) 2343699
Email
gulbanutauekelova80@gmaıl.com
eOtinish.kz
Версия для
слабовидящих
01
июнь
2023

Последний звонок

Бүгін, 2023 жылдың 1 июньында, мектебіміздің түлектері үшін соңғы қоңырау соғылды.
Бұл күн түлектер, олардың ата-аналары мен ұстаздары үшін ең жарқын, қызықты және сонымен бірге қуанышты мереке. Атмосфера жарқын түстер мен адамдардың жүздерінде күлкіге толы болды. Мектеп директоры Тауекелова Гүлбану Қонысбаевна түлектерге, ұлағатты ұстаздарға жылы лебіздерін білдіріп, құттықтады.
Әрине, мектеп бітірушілер ұстаздарға шыдамдылығы, өмірге, сезімге, сүйіспеншілікке, достасуға үйреткені үшін, оларды сабырмен жетелегені үшін алғысын білдіретін әндер мен өлең жолдарын арнады.
11 «А» сынып түлектері әсерлі соңғы мектеп вальсін орындады.
Одан кейін балалар алаңсыз мектеп уақытының артта қалғанын, алда қызыққа тола жолдар күтіп тұрғанының белгісі ретінде «Ақ жолмен» жүріп өтті.
Түлектерімізге емтихандар мен ЕНТ-да сәттілік тілейміз!