Шәкірттеріміздің алар асулары, бағындырар шыңдары биік болсын!
Бүгін қыркүйектің 16 жұлдызында 8-11 сынып оқушылары арасында республикалық "Махамбет оқулары" байқауының аудандық кезеңі өтті. Байқау бес бағыт бойынша өтті. Сайысқа мектебіміздің 10 сынып оқушылары Советбек Әмина, Хабибова Сафина және Нариманова Арзугуль қатысып, Алғыс хат және дипломмен марапатталды. Жетекшілері қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Касенова В.С, Сейтхожаева М.Ш. Шәкірттеріміздің алар асулары, бағындырар шыңдары биік болсын!