Еліміздегі қорықтар
15-желтоқсан күні мектебіміздің жас маманы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Шералы Шапағат Бердіқұлқызының 6 “б” сыныбында “Еліміздегі қорықтар” тақырыбында ашық сабағы өтті. Сабақ “Бес қадам” әдісі арқылы оқушылардың өткен білімімен ұштастырудан басталды. Түрлі жаңаша әдіс-тәсілдер қолданылып, балалардың қызығушылығын арттырды. Жас маманға алдағы еңбек жолына тек сәттілік тілейміз!